Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ақтау-кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекеті 2022 жылдың қараша айынан бастап жұмысын жаңа мекенжайда бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Кеден бекетінің жаңа мекенжайы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін де, жеке тұлғалар үшін де ыңғайлы болды.
Кеден бекетінің жаңа орналасқан жері:
Ақтау қаласы, 31 "Б" шағынауданы, 35-үй, Маңғыстау облысы бойынша МКД әкімшілік ғимаратының 1-қабаты
телефоны: (7292) 30-13-10 қосымша 1152 немесе 1032.